Елорданың учаскелік инспекторларының қызметі жаңа жоспар бойынша ұйымдастырылатын болады

АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Елорданың учаскелік инспекторларының қызметі жаңа жоспар бойынша ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада ІІД-нің қызметкерлеріне арналған оқыту семинары барысында белгілі болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның халықаралық адам құқықтарын және заңдылықты сақтау бюросы» ұймының Астанадағы филиалының басшысы Анар Ыбыраева атап көрсеткеніндей, «семинар барысында учаскелік инспекторлар халықпен жұмыс жасау бойынша өз алдына жеке жоспарларын құрады. Кейін аталмыш жоспарлардың орындалуын қадағалап отыратын орган Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне жолданады».

Семинарда учаскелік инспекторлар адам құқықтарын сақтау, көшбасшылық қасиет-қарымдарын арттыру, қоғамдық тыныштықты сақтауға халықтың ішінен ерікті адамдарды тарту мәселелері оқытылды. Полицелердің азаматтармен жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесі де таныстырылды.

Аталмыш оқыту жобасы «Учаскелік инспекторлардың адамдармен тұрғылықты жерлері бойынша жұмыс жасау қызметтерін оңтайландыру» бағдарламасы негізінде«Қазақстанның халықаралық адам құқықтарын және заңдылықты сақтау бюросы» ұймының ұйымдастыруымен өтті. Шара сонымен қатар ҚР ІІМ-нің және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының тарапынан қолдау тапты.