Елорданың жалпы білім беру жүйесіндегі орын жетіспеушілік 12 мыңнан асады

ТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елорданың жалпы білім беру жүйесіндегі орын жетіспеушілік 12 мыңнан асады.

Бұл туралы бүгін «Мектепке жол» атты дәстүрлі шараның басталуына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында Астана қалалық білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина айтты.

Оның атап өтуінше, елорданың жалпы білім беру жүйесіндегі орын жетспеушілік қазігі таңда 12286 баланы құрайды. Яғни тұрғындардың тығыздығына байланысты қаладағы 41 мектеп қиындықтарға душар болып отыр. Орташа алғанда 1 мектептегі бала саны 371 балаға артық.

«Жаз уақытында Астанаға ел аймақтарынан көптеген отбасы қоныс аударады. Мәселен, өткен жылы ғана біздің мектептерге 3,5 мыңнан астам оқушы келді. Бұл 3 мектептің жобалық қуаты», - деді ол.