Елорданың жасыл белдеуі 30 мың гектарға дейін ұлғаяды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың жасыл белдеуі 30 мың гектарға дейін ұлғаяды. Қазіргі көрсеткіш 15 мың гектар шамасында, деп хабарлайдыХабар24kz.

Басқаланың жасыл желегін жайқалту ісі 2021 жылы жаңаша серпін алмақ. Қазір жобалаужұмыстары жүріп жатыр. Бұдан 20 жыл бұрын елорданың іргесіне егілгентал-шыбықтар қазір зәулім ағашқа айналды. Жалпы аумағы 15 мың гектар жасылбелдеу келешекте екі есе ұлғаюы тиіс. Қазір орман арасы жас шыбықтармен толығыпжатыр. Биылдың өзінде 511 мың түп тал отырғызылды. Қайың-қарағайы жайқалыптұрған орманда шырша, емен, үйеңкі сынды ағаштардың 36 түрі өседі. Арасындақарақат, шие тәрізді жеміс-жидектер де бар.

«Шілде-маусымайларында біз орманды зиянкестерден қорғасақ, қазір дала өртінен қорғаужұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бізде Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуі бойынша6 пост орналастырылған. Онда 40 адам және 6 су таситын машиналар тәулік бойы жұмысатқарады. Енді ғана еңсе тіктеп келе жатқан тал-теректерге ерекше күтім қажет.Биыл жауын-шашын мөлшері аз болғандықтан, жұмысшылар тынымсыз тер төгугемәжбүр. Есесіне бұл бас қалаға жақын ауыл тұрғындары үшін екі қолға бір күрек.Таңның атысы, күннің батысы 900-дей еңбеккер ағаштарды суарып, орман алқабынкөркейтуге үлес қосады»,-дейді «Астана орманы» мекемесінің бас агрономы АрдақХасенов.

Алосындағы жұмысшылардың бірі Дәметай өзінің Оразақ ауылының тұрғыны екенін елордаорманында бірнеше жылдан бері жұмыс істейтінін айтады.

«Уақытындакеліп кетеміз. Айлық жақсы, ай сайын беріп тұрады. Осы талдарды егіп, шырша, күләнағаштарын егіп, жақсы өсіп тұрса, өте қуанамыз»,-дейді ол.

Елордадағыжасыл белдеу аумағы 30 мың гектарға жетсе, 1 миллионнан астам тұрғыны бар басқала үшін экологиялық ахуал да жақсарады.

Сондағана әрбір тұрғынға 250 шаршы метр орман алқабы тиесілі болып, халықаралықталаптарға толық сәйкес келмек. Қазірдің өзінде, Арқаның аңызағы азайғаны анықбайқалады. Бұл осы бағыттағы жұмыстардың игі нәтижесі.

Соңғы жаңалықтар