Елорданың жеке секторында су колонкаларын жаппай бұзу басталады

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылдың қыркүйегінен кезекті жылу беру маусымы басталғанша су колонкаларының санын қысқарту бағдарламасы басталады.

Бұл туралы «Астана су арнасы» МКК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, astana.kz хабарлайды.

Компанияның мәліметі бойынша, бұл бағдарламаның мақсаты - судың артық рәсуә болуын азайтып, жеке үйлерде тұратын тұрғындардың орталықтандырылған су желісіне қосылуын қамтамасыз ету. Бағдарлама сондай-ақ, судың заңсыз көлік жуу мүддесінде ұрлануынан, жұқпалы аурулар ошағынан сақтандырып, тазалықты сақтаудың алдын алуды көздейді.

Орталық көшелердегі су құбырлары жүретін маңда орнатылған су тарату колонкаларының барлығы бұзылады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты жекеменшік үйлердің иелеріне қалалық су құбыры жүйелеріне қосылуға рұқсатты алу және өздерінің үйлеріне су құбырын тарту табанды түрде ұсынылады.