Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлікті мас күйінде басқарған 41 жүргізуші ұсталған. Сонымен қатар қозғалыстың қарсы бетіне шыққан 8, көлікті құжатсыз басқарған - 17, ұялы телефонмен сөйлескен 14 жүргізуші жазаға тартылған. 45 автокөлік айыптұраққа жеткізілген. Ал көлігін лас күйінде басқарғаны үшін 1067 жүргізушіге айыппұл салынған.
Естеріңізге сала кетейік, сырты лас көлікті басқарған жүргізушілерге әкімшілік шара қолданылып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 461 бабы 4 бөліміне сәйкес 8090 теңге көлемінде айыппұл салынады.