Елшат Нығматуллаұлы WBO нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалды

None
БЕЙЖІҢ-ШАНХАЙ. ҚазАқпарат - 11 қарашада Шанхайда Бокстан Қытай чемпионы Елшат Нығматуллаұлы WBO нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуін қорғап қалды, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

 ҚХР Гуандун провинциясының  боксшысы Се Чжучуанмен жекпе-жекте Елшат төрешілердің бірауызды шешімімен 8 раундтың қорытындысы бойынша (75:70; 75:70;75:70) жеңіске жетті. Бұл оның кәсіби рингтегі 9-жекпе-жегі, барлығын да, оның ішінде 2-еуін нокаутпен жеңген. «Енді менде шетелдік боксшылармен айқасуға жол ашылды. АҚШ-қа сапар шегуге де мүмкіндігім бар», - деді ол ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.   

   

Естеріңізге салайық, Қытайда кәсіби рингтің көптеген чемпиондарының отаны  ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі (ШҰАА) Алтай округінің Қаба қаласы болып табылады. Ол жерде болашақ былғары қолғап шеберлерін Мұрат Бошайұлы жаттықтырады. Ол бокс әлемінің есігін Елшат Нығматуллаұлына, Бейсен Насиуллаұлына ғана емес, сонымен бірге атақты Қанат Исламға да айқара ашты.