Бұл туралы Қазақстан Республикасының Аммандағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президентпен әңгіме барысында Қазақстан Елшісі Палестина басшылығын Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай жөнінде және Елбасы Н.Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында бекітілген елдің одан әрі даму жолдары туралы хабарлады.
Президент М.Аббас Қазақстан басшылығының палестина халқына әрдайым қолдау білдіріп отырғанына алғысын білдіре отырып, Қазақстанның 20 жылдың ішінде қол жеткізген жетістіктеріне жоғары баға берді. Палестина Президенті Қазақстан Елшісіне жаңа қызметте табыстар тіледі.
Тараптар қазақстан-палестина екіжақты қатынастарының одан әрі дамыту әлеуеті мен жағымды келешегін атап өтті.
Биылғы жылы Қазақстан мен Палестина арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толды.