Елші Гун Цзяньвэй қазақстандық аудиторияға ҚХР-ның АӨІСШК-іне төрағалық етуінің басымдықтары туралы айтып берді
Дипломат қызығушылық танытқан аудиторияны Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі болып табылатын АӨІСШК-нің даму кезеңдерімен таныстырып, Бейжіңнің бұл беделді халықаралық құрылымға 2014-2016 жылдары төрағалық етуінің басымдықтары туралы айтып берді.
Академияда қытайлық дипломатпен болған жүздесу дәстүрлі «елшілік сағатының» шеңберінен шығып, тәжірибелі халықаралық шенеунік жастарға аспан асты елінің көпжақты дипломатиясы мен халықтық дәстүрлерінің өзгешеліктері туралы баяндады, сондай-ақ адамзат дамуының жаһандық үрдістері туралы өзіндік пікірлерімен бөлісті. Белгілі болғандай, АӨІСШК Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту бойынша халықаралық форум болып табылады. Оны шақырту идеясын алғаш рет 1992 жылдың 5 қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған болатын. Аталған бастама осындай құрылымның заман қажеттілігі екеніне көз жеткізген бірқатар азиялық мемлекеттер тарапынан қолдауға ие болды.