«Екі ел статистикалық мәліметтері бойынша неліктен осындай айырмашылық болды? Шын мәнінде бұл саладағы көрсеткіштер бойынша таңғалатын ештеңе де жоқ, себебі барлық елдер арасында осындай айырмашылықтар орын алып жатады», - деді Чжан Сяо Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарына арналған шарада.
Дипломаттың сөзіне қарағанда, бүгінде екі елдің тиісті органдары осындай айырмашылықтарды барынша азайту бойынша жұмыстарды жүргізуде.
«Мұндай айырмашылықты барынша төмендету үшін екі елдің кедендік қызметтері үкіметтердің тапсырмасы бойынша қажетті шараларды іске асыруда», - деді Елші.