Елшілер Елбасына Сенім грамоталарын тапсырды
16:03, 12 Наурыз 2009
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада бірқатар шет елдердің Қазақстан Республикасындағы елшілері Елбасы Н. Назарбаевқа Сенім грамоталарын тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтсақ, Сенім грамоталарын Қазақстан Республикасындағы Вьетнам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ву Тхе Хиеп, Грек Республикасының Елшісі Евангелос Денаксас, Болгария Елшісі Стоян Ризов, Норвегия Елшісі Даг Малмер Халворсен, Ауғанстан Елшісі Абдул Хай Хайдер, Ливан Елшісі Вазкен Кавлакян, Корея Республикасының Елшісі Ли Бен Хва, Малайзия Елшісі Датук Со Чин Хон табыс етті.