Елшілерді департаменттегі қызметке шақырсаң, менсінбейді - ҚР Президенті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Министрлікте әскери тәртіп болуы керек». Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамымен кездесу кезінде мәлім етті.

«Басқы кездерде кадр жеткіліксіз болды. Қазір, Құдайға шүкір, өсіп келе жатыр (жас мамандар - ред.). Мықты кадрларымыз болуы керек. Сыртқы істер министрлігі өз кадрларының қалыптасуын аяқтап келе жатыр деп санаймын.

Біздің қазір шетелде жүрген елшілеріміз министрлікке келіп біраз жыл департаментте жұмыс істе десе, оны менсінбейді. Кеше Кеңес одағында қазақтан бір министр де болған жоқ. Сондықтан ондай болмайды. Қай жерде істе дейміз, сол жерде істесін. Істемесе басқа жағына бара берсін. Сондықтан тәртіп болуы керек. Министрлікте әскерилер секілді тәртіп болады. Соны естен шығармаңдар. Министрден, оның орынбасары, осы отырған аппараттың адамдарынан бастап үлкен жауапкершіліктерің бар. Соған сай болыңыздар деп тілек білдіремін», - деді ҚР Президенті.