Елшілік «Біздің миссиямыз - сынақтарды болдырмау» атты Елбасы бастамасын Иордан халқына насихаттау мақсатында акция өткізді

None
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өтуіне орай, 3 желтоқсанда Иордания Хашимит Корольдігінің астанасы - Амман қаласының Мерридиан қонақ үйінде Корольдіктің саяси, қоғамдық, бизнес орталарының, дипломатиялық миссияларының,

жергілікті және аймақтық ақпарат, диаспора өкілдерінің қатысуымен салтанатты қабылдау болып өтті. Бұл жайлы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады

Жиналған мәртебелі қауым алдында сөйлеген сөзінде Елші Б.Сәрсенбаев еліміздің 21 жыл ішінде әр түрлі салаларда қол жеткізген ұлан-ғайыр жетістіктері, әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу қадамдары, 2011-2012 жылдар аралығындағы ИЫҰ-да төрағалығы, Қазақстан мен Иордания арасындағы екіжақты қарқынды қарым-қатынастары және Елбасы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қайратты да қажырлы көшбасшылық рөлі, көп векторлы саясаты туралы баяндады.

«ЕҚЫҰ-ға, ШЫҰ мен Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі - бұл тек қана кеңінен танымал сыртқы саяси жетістіктер. Қазақстан - әлемде маңыздылығы бойынша төртінші орында тұрған ядролық қару арсеналынан өз еркімен бас тартқан мемлекет және Тәуелсіздік алған күннен бастап таратпау режимін нығайту бойынша жүйелі күш салуға шынайы беріліп отыр. Қазақстан бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы Халықаралық әрекеттер күні деп анықтады», - атап өтті Елші.

Қабылдауға қатысқан иорданиялық тараптың басты ресми қонағы - Хашимит тағының көрнекті өкілі Әмір Раад бин Зайид өз кезегінде еліміздің 20 жылдық мерейтойына қатысты Иордания халқының ыстық ықыласты, ізгі ниетті құттықтауларын жеткізді, Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың заманымыздың аса ірі реформаторлық тұлғасына, еліміздің жемісті даму жолы мен айрықша қоғамдық моделіне аса жоғары баға берді.

Аталған іс-шара барысында ҚР Иорданиядағы Елшілігі «Біздің миссиямыз - сынақтарды болдырмау» атты  бүкіләлемдік қолдау тауып отырған  Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасын Иордан халқына кеңінен насихаттау мақсатында акция өткізді.

Аталған акция барысында қабылдауға қатысқан қонақтар Қазақстан Президентінің бастамасына ықыласпен қызығушылық танытып, осы іс-шара барысында 200-ден адам оған қолдау көрсетіп, онлайн режимде ядролық сынаққа қарсы петицияға тіркелді. Сонымен қатар қонақтарға ағылшын тілінде Қазақстан туралы деректі кинофильм көрсетіліп, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.

Ресми қонақасыға Иордания Парламенті Сенатының Төрағасы Тахер Әл-Масри, Хашимит тағының көрнекті өкілдері Әмір Раад бин Зайид және оның жұбайы ханшайым Маджа, ханшайым Шарифа Ноуф Бинт Насер, ханшайым Шарифа Хинд Манго Насер, Иорданияның бұрынғы Премьер-министрі Аднан Бадран, Король сарайының экс-басшысы, бұрынғы Сыртқы істер министрі Маруан әл-Қасим, ИХК Индустрия және сауда министрі - Қазақстан-Иордан Үкіметаралық коммиссиясының төрағасы Хатим Халауани, ИХК Индустрия және сауда министрлігінің Бас хатшысы Маха Али, ИХК Әуе көлік экономикалық бақылау жөніндегі агенттігінің төрағасы Хулоуд Абу Хамидан, ИХК Петра дамыту жөніндегі агенттігінің төрағасы Махмұд Абу әл-Ғанам жоғарғы мәртебелі тұлғалар қатысты.

«Келесі жылы Қазақстан Республикасы мен Иордания Хашимит Корольдігі арасында дипломатиялық қатынастардың қалыптасқанына 20 жыл толады. Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың үлкен әлеуетін стратегиялық серіктестікті сенімді өсіруге, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылдарды дамытуға жол ашады. «Өз елімнің басты мерекесін тойлай отырып, сонымен қатар ел басшылығы мен Иордания халқын Тәуелсіздіктің 21 жылдығымен құттықтағым келеді», - деп түйіндеді сөзін Б.Сәрсенбаев.