Елшілік Қазақстан мен Беларус іскер топтарының өзара сапарларын ұйымдастыру бойынша жұмыс істеуді жалғастыруда

МИНСК. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігігінің делегациясы мен кәсіпкерлерінің Беларус Республикасына жасаған сапары аяқталды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Беларус Республикасындағы Елшілігінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорын жетекшілері және облыс әкімдігінің ведомство дипломаттарымен кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында қонақтар сапар қорытындысы туралы хабарлады, Минск мен Гродненск облысындағы кәсіпорындарға бара отырып, Қазақстан тарапы сол кәсіпорындардың жағдайы және экспорттық мүмкіндіктерімен таныс болғанын, Қазақстанның қызығушылығын оятып, алдағы уақытта ҚР-да пайдалануға болатын Беларус ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тәжірибесін зерттегендерін жеткізді.

Кездесуге қатысқан Қазақстан Республикасының Беларус Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Смирнов Беларустың экспорттық жағдайын атай келіп, тараптардың аймақаралық жұмыстарды қалыптастыруы керек екендігіне тоқталды.