Бұл жайлы ҚР Сыртқы істер министрлігі Фейсбуктегі парақшасында хабарлайды. Сенбілікке Украинадағы қазақ диаспорасы өкілдері мен осы елде білім алып жатқан қазақстандық студенттер де қатысты. Сенбілік аяқталғаннан кейін, бейресми кездесу аясында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алдағы уақыттағы қазақстандық қоғамды жаңғырту бағытындағы бастамалары бойынша пікір алмасулар болды.
Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінің басшысы С.Ордабаев өсіп келе жатқан келесі буын өкілдері үшін Қазақстанның ұлы қайраткерлерінің есімі, қазақ халқының салт-дәстүрі мен тарихын ұмытпаудың қаншалықты маңызды екендігін айтып өтті. Бұл біздің мемлекетіміздің одан әрі қуатты етеді, бірлігін және әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін арттырады.