«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметіне қарағанда, бұрынғы комитет басшысы Елсияр Қанағатов осы саланың вице-министрі болып жұмысқа кірісті.
Тастанбек Құтжанұлы 1960 жылы Орал облысы, Жымпиты ауданы «Алғабас» ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Қарағанды педагогикалық институтын бітіріп, еңбек жолын республикалық спорт-интернатта ұстаздықтан бастапты.
1993 жылы «Астам» кәсіби спорт клубының негізін қалап, өзі тайбокс пен кикбокстан бапкер болады. 1994 жылы Бангкок қаласындағы тайбокс университетінен «Тайбокс жаттықтырушысы және нұсқаушысы» курсынан өтеді.
Тастанбек Құтжанұлы - Дүниежүзілік кикбокс қауымдастығының шешімімен «А» санатты кикбокс бапкері және нұсқаушысы дәрежесіне ие болған. Сонымен қатар ол халықаралық дәрежедегі кикбокс және тайбокс төрешісі, кикбокстан қара белбеу иегері. Дүниежүзілік WAKO - PRO кикбокс қауымдастығының еліміздегі жалғыз өкілі. Қазақстан Республикасы кикбокс,тайбокс қауымдастығының вице-президенті. Қазақстан Республикасының құрметті қайраткері.
Ол сонымен қатар самбо күресінен спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы. Тастанбек Құтжанұлы жиырмадан астам Қазақстан Республикасының спорт шеберлері мен 7 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін дайындап шығарған білікті бапкер.
1998 жылы Қарағанды облыстық тайбокс федерациясының атқарушы директоры болып тағайындалса, 2002 - 2009 жылдары облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінің директоры қызметінде болды. 2009-2010 жылдары облыстық туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасы бастығының орынбасары, ал 2011 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың қаңтарына дейін басқарма бастығы қызметтерін атқарды.