«Бұл жайлы БАҚ хабарламаларынан білдік. Ал сэр Элтон Джоннан тікелей өтініш келіп түскен жоқ», - деп мәлімдеді ол. Песков кездесу жайлы хабарлама ойдан шығарылған болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. «БАҚ-та соңғы уақытта мұндай хабарламалардың көбейіп кеткенін ескеріп, оған барынша абайлауға тырысамыз», - деп атап өтті Кремль өкілі. Бұдан бұрын Элтон Джон Путинмен кездесіп, елдегі қызтекелердің құқықтары бұзылуын талқылайтынын хабарлаған. Сондай-ақ, Элтон Джон украиндық бизнесмендерді қызтекелерді жұмысқа алуға шақырған.
08:46, 15 Қыркүйек 2015
Элтон Джонның Путинмен кездесетіні туралы хабарламасы жалған болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльге ағылшындық музыкант Элтон Джонның Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі туралы өтініші түспегенін мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.