Эльвира Әзімова Конституциялық сотқа азаматтардан жиі түсетін өтініштерді атады

Фото: ҚР Конституциялық соты

АСТАНА. KAZINFORM – Конституциялық сотқа азаматтардан 10,5 мыңнан астам өтініш түсті. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова айтты.

- Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық соттың Жолдауын жыл сайын тыңдау Конституцияның өзінде бекітілген. Бұл – конституциялық бақылау органына деген институционалдық сенім. Бүгінде бізге азаматтардан 10,5 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Олардың шамамен үштен бір бөлігі соңғы 1,5 жылға тиесілі. Олардың басым бөлігі қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, жер, салық және әлеуметтік заңнаманың нормаларына қатысты, - деді Эльмира Азимов.

Оның атап өтуінше, көптеген өтініш заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарды, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың нормаларын құқықтық түсіндіруге сұрау салуларды қамтиды.

- Бұл сигнал. Азаматтардың не ойлайтынын, нені талдайтынын, не ұсынғысы келетінін және өздерін естуін қалайтынын білдіретін белгі. Азаматтардың құқықтық санасының мұндай өсуі бізден заң шығарушылар мен мемлекеттік институттардан кері реакцияны талап етеді. Әділет министрлігінің мұндай бастамаларды «Ашық нормативтік құқықтық актілер» және жасанды интеллектіні қолдануды қоса алғанда, заң консультациялары жобалары аясында ескеруін ұсынамыз, - деді ол.

Айта кетейік, Үкімет үйінде Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.