Элвис Пресли жасанды интеллект көмегімен «тіріледі»
08:38, 06 Қаңтар 2024
Элвис Пресли қаза тапқаннан кейін 47 жылдан соң сахнаға қайта оралады. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Рок-н-ролл королі жасанды интеллект көмегімен «тіріледі»: 2024 жылғы қарашада Лондонда Elvis Evolution шоуының премьерасы өтеді.
Көрермендер сахнада мыңдаған сурет пен бейнежазбаға негізделіп жасалған музыканттың толыққанды голограммасын көреді.
Концерттен кейін Лондонда тақырыптық бар және мейрамханада музыка мен диджейлердің қатысуымен автерпати болады.
Сондай-ақ шоулар Лас-Вегас, Токио мен Берлинде өтеді деп жоспарланған.
Элвисті «тірілту» туралы ой ұйымдастырушыларға АВВА тобының осы секілді шоуы сәтті болғаннан кейін келді.