Елжан Біртанов бақылау кеңесін құрмаған өңірлерге бір ай уақыт берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бақылау кеңестерін құру мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бақылау кеңестерін құру тізімінде Маңғыстау облысы менШымкент көштің соңында қалған.

«100 нақты қадам - Ұлт жоспары» аясында Елбасының корпоративтібасқаруды енгізу тапсырмасы бар. Бұл 2015 жылы болды. Өткен жылы осы бақылаукеңестерін құру туралы менің бұйрығым шықты. Әкімдік (Маңғыстау облысы - ред.)бұйрықты елемей отыр. Бұл - үлкен жүйелі мәселе. Ашықтық жоқ жерде, қоғамоқиғадан хабарсыз жерде дәрігерлермен, құрал-жабдықтармен түрлі мәселелерболады. Мен Сіздерге бір ай уақыт беремін. Бір айда қоғам мен бизнес алдындаесеп бересіздер. Мұны өзім қадағалаймын!, - деді Елжан Біртанов ҚР Денсаулықминистрлігі алқасының отырысында.

Айта кетейік, елордада 2019 жылдың жартыжылдығына арналған ҚР Денсаулықсақтау министрлігі алқасының отырысы өтіп жатыр. Отырыста 2016-2019 жылдарыденсаулық сақтауды дамытуға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы,2019-2020 жылдарға арналған бастапқымедициналық-санитарлық көмекті дамыту шараларының жоспары, 2019 жылға арналғанҚР ана өлімін азайту бойынша жедел жоспар, 2019-2021 жылдарды қамтитын балаларөлімін азайту бойынша шаралар жоспары, кадрлық қамтамасыз ету және денсаулықсақтау саласының қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау саласынаинвестициялар тарту мәселесі қаралады.

Соңғы жаңалықтар