«Президент алғашқы медициналық көмекке қатысты тиісті тапсырма жүктеді, яғни емханалардың қолжетімдігін арттыру қарастырылуда. Жүргізілген есептеуге қарағанда, бүгінде адамның учаскелік дәрігеріне жетуіне орташа алғанда 40 минут уақыт кетеді. Өйткені ірі емханалар алыс жерде орналасқан. Бұл мәселені шешу үшін үш жылда медициналық-санитарлық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2021 жылға дейін 595 нысанды салу жоспарлануда», - деді министр.
Атап айтқанда, оның 577-сі ауылдық елді мекенде және 18-і калалық жерде қадамдық қашықтықта орналасатын болады. Осылайша, 2021 жылға дейін медициналық-санитарлық алғашқы көмектің шағын нысандары салынып, әр мекемеге келетін учаскенің санын 20-дан 10-ға дейін қысқарады. Бұл ауылдық елді мекенде тұратын халықты медициналық көмекпен толықтай қамтуға мүмкіндік береді. Осы мекемелердің салынуына бөлінетін қаржының шамамен 42% мемлекеттік-жекешелік әріптестік есебінен болады.