Елжан Біртанов өңірлердегі өлім-жітім деңгейін сынға алды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыста ҚРДенсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өңірлердегі өлім-жітім мәселесінкөтерді.

«Ақшаешқашан жетпейді. Біз жалпы өлім-жітім жөнінде қаржыландыру, экология жәнетәртіп жағдайларының тоғысуы ретінде айтып отырмыз. Қаражат көп адамдарғажетпей отыр.

Министрлікпен,әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жұмыс істеп, қаражат көлемін мұқтажжаққа аудару қажет. Екіншіден, мамандар өз жұмысына дұрыс екпін қоюы тиіс... Мемлекеттікбағдарламада аурудың алдын алу шараларын дамытуға және басымдық берілген»,- деді министр ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өткен алқа отырысында.

Сонымен бірге,өңірлік денсаулық сақтау басқармалары жалпы өлім-жітім көрсеткіштері бойыншаесеп берді. Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ЛәззатЕсенғалиеваның айтуынша, облыста балалар өлімінің көрсеткіші алаңдатып отыр.

«Алғашқыжартыжылдық қорытындысына сәйкес, бұл көрсеткіш 9.0 құрайды. 2018 жылменсалыстырғанда төмендеу бар. Алайда, бұл деңгей республикалық көрсеткіштен дежоғары болып отыр. Негізгі себеп - жатырдағы кезеңнен туабітті даму кемістігінедейінгі өлім-жітім болып отыр. Бізде мемлекеттік-жекеше әріптестік жобасыәзірленіп жатыр. Оның аясында 16 УДЗ аппараты сатып алынады. Қазір қол қоюжұмыстары жүруде. Ана өлімі бойынша да (10,2) өткен жылғы көрсеткіштен төмендепкеледі. Қауіп-қатер де бар. Онкопатология мәселесі шешіліп жатыр», - дедіЛ. Есенғалиева.