«Елбасымыздың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру мақсатында министрлік Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық көмекті дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Біріншіден, қолжетімділікті арттыру мақсатында алғашқы медициналық көмек дәрігерінің жүктемесін төмендету және 1 нысанға келетін учаскелер санын 20-дан 10-ға дейін азайту жоспарланып отыр», - деді министр.
Екіншіден, оның атап өтуінше, алғашқы медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын кеңейту және учаскелік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға дейін ұлғайту жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың 1 маусымынан бастап жалақысы төмен медициналық қызметкерлердің төлемақысы 30 пайызға артады.
«Үшіншіден, барлық алғашқы медицина ұйымдарында ақпараттық жүйе енгізіліп, азаматтардың электрондық денсаулық паспорттары жасалады», - деді Е.Біртанов.