Елжан Шынарұлы Қытай құрамасына қабылданды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Елжан Шынарұлы Қытай құрамасына қабылданды -Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

Елжан Шынарұлы футболдан 20 жасқа дейінгі Қытай жастарқұрамасына шақырту алды, деп жазады Қытайлық kazakcnr.com сайты.

Аталған дереккөздің мәліметінше, ҚХР футбол федерациясыҚытайдың U-20 құрамасына шақырту алған футболшылардың тізімін жариялаған.Олардың қатарында Қытай елінде тұратын қандасымыз Елжан Шынарұлының есімі деаталады. Елжан Қытай суперлигасында өнер көрсететін «Шэньчжэнь» клубындаойнайды. Ол құрамадағы үздік ойыншылардың бірі болған. Ал алдағы уақытта Қытайжастар құрамасы ҚХР ұлттық құрамасының оқу-жаттығу базасында бір ай дайындалып,Сербияда жолдастық кездесу өткізеді. Елжан Шынарұлы - 1999 жылы ҚХР-ның Алтайаймағы, Бурылтоғай ауданында туған.


Полиция қызметкерлері арасындағы әлемдік жарыстаБекнұр Қалиұлы жеңімпаз атанды -kaznews.mn


Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан полицияқызметкерлері мен өрт сөндірушілері арасындағы Дүниежүзілік жарыста каратэшіБекнұр Қалиұлы жеңімпаз атанды, деп жазадыМоңғолияның KAZNEWS ақпарат порталы.

«Бұл жарыста Моңғолияның намысын Баян-Өлгей аймағынанкелген Бекнұр Қалиұлы қорғаған болатын. Ол каратэден өзіне қарсылас шақкелтірмей, жеңістің биік тұғырынан көрінді. Сонымен қатар Бекнұр бокста да ауырсалмақта сынға түсуде. Ол жартылай финалда қытайлық былғары қолғап шеберінжеңді. Айта кетейік, бұл жарыс төрт жылда бір рет ұйымдастырылады, полицияқызметкерлері мен өрт сөндірушілер арасындағы олимпиада деп ретінде танылған.Аталған спорттық бәсеке тамыз айының 8-18 күндері аралығында ҚытайдыңЧэнду қаласында өтіп жатыр», - деп жазады KAZNEWS.

Қазақтың көркем жазу шеберлері Бейжіңдегі«Құснихат» көрмесіне қатысты - «Жэньминь жибао» (People Daily)


Бейжіңдегі Ұлттар мәдениет сарайында Қытайдағы түрлі ұлтөкілдерінің Құснихат туындылары мен тарихи құжаттар көрмесі өтті, депхабарлайды kazakh.people.com.cn сайты.

«Өнер көрмесінеқытай, қазақ моңғол, тибет, ұйғыр, корей секілді 51 ұлттың жазуындағы, 200-денастам «Құснихат» туындысы мен 100-денастам тарихи құжат (кітап, журнал, газет) қойылған. Аталған шараға 96құснихатшы мен өнертанушы маман қатысты. Көрмеге қойылған әртүрлі ұлттардың төл жазуымен қағазға бедерленген«Құснихат» туындылары әсемдігімен, айшықты шеберлігімен, сөздерінің мәнді,мазмұнды құндылығымен ерекшеленді. Аталған шараның мақсаты Қытайда қоныстанғанұлттардың көркем жазу мәдениетін, өнер иелерінің шеберлігін насихаттау», - деп жазады People Daily.


Естеріңізге салакетейік, «Құснихат» (көркем жазу өнері) - «сұлулық, әдемілік, көркемдік» дегенмағынаны беретін араб тіліндегі «хұсн» сөзінен шыққан. Бұл өнер қытай қазақтарыарасында кең қанат жайған. Ондағы қандастарымыздың ортасында АхметБайтұрсынұлының төте жазу әліппесі негізінде әр түрлі нақыл, ғақлия және басқасөздерді көркемдеп жазу дәстүрі қалыптасқан.

Дархан Сатыбалды Абай өлеңдерін оқу эстафетасынжалғастырды - «ӨзА» ақпараттық агенттігі


Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше жәнеөкілетті елшісі Дархан Амангелдіұлы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған челенджді қолдап, өзіне жолданғанэстафетаны Абайдың «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» атты өлеңіменжалғастырды, деп хабарлайды Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпарат агенттігі.

«Дархан Амангелдіұлы эстафетаны Өзбекстан РеспубликасыныңЖоғарғы Мәжілісі Заң шығарушы палатасының төрағасы Нурдинжон Исмоиловтан қабылалып, оны Абайдың «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» атты өлең шумақтарыноқып, осы бастаманы одан әрмен жалғастыру үшін Өзбекстан Жазушылар одағытөрағасының бірінші орынбасары, көрнекті ақын Минхожиддин Ходжиматовқа және ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлына жолдады», - депжазады «ӨзА» ақпарат агенттігі.

Қытайда моңғол халқының «Надам» мерекесі тойланды- «Жэньминь жибао» (People Daily)


Қытайдың ІшкіМоңғолия автономиялы өлкесінің Шинлинғолаймағында моңғол халқының дәстүрлі «Сары күздегі надам» мерекесі тойланды, депхабарлайды kazakh.people.com.cn сайты.


«Сары күздегі надам» мерекесі Шинлинғол аймағының Ұжымчинауылында шымылдығын ашты. Бұл кезекті «Надам» жиналысында моңғолша күрес, ат бәйгесі, садақ ату және ұлттықкиім-кешек көрмесі сынды іс-шаралар өткізілді. Надам - моңғол тілінде көңілашар немесе ойын-сауық деген мағынаны білдіреді. Әр жылы жаз бен күздежайлаудағы малшылар мол өнім шаттығын тойлап, ел мен жердің ырысты, құттыболуын тілеп бас қосады. Назарларыңызға осы мерекелік іс-шара аясында,«Синьхуа» ақпарат агенттігінің тілішісі түсірген фоторепортажды ұсынамыз»,- депжазады People Daily.


Әлемдегі ең жіңішке алтын өндірілді - TRT


Ұлыбританияда әлемдегі ең жіңішке алтын өндірілді.Алтынды өндіру үшін қолданылған әдістер наноматериалдармен жұмыстапайдаланылады, деп жазады Түркия РадиоТелевизия порталы.

«Phys.org парақшасының хабарлауынша, Лидс университетіғалымдары қалыңдығы небәрі 0.47 нанометр және 2 атом ғана болатын, яғни адамтырнағынан 1 миллион есе жіңішке алтын өндірді.

Әлемдегі ең жіңішке алтын медицинада, электрондық жәнеақпараттық заттар өнеркәсібінде қолданылады.

Ғалымдардың пайымдауынша, өте жіңішке алтын медициналықжиһаздар және су тазалау жүйелерінде қолданылатын жасанды ферменттердің негізінқалыптастырады.

Осы жұмыс тобының жетекшісінің айтуына қарағандақолданылған әдістер наноматериалдар өндіруде маңызды әрі табысты қадам болған.Су астындағы түсі жасыл және түрі балдырға ұқсайтын алтынға ғалымдар «алтынбалдыр» деген атау берген екен», - депжазады TRT.

Қазақстан елшісі Иранда өткен Каспий теңізі күнінеарналған жиналысқа қатысты - «Фарс» ақпарат агенттігі


Иранда Каспий теңізі күніне орай ұйымдастырылғанжиналысқа осы теңіз маңындағы елдер елшілері қатысты, деп хабарлайды parstodayақпарат агенттігі.

«Каспий теңізі күніне арналған рәсім осы теңіздіңқоршаған ортасын сақтау және туризмді дамыту тақырыбында теңіз маңындағы елдерелшілерінің қатысуымен Иранның солтүстігіндегі Мазандеран облысының Боболсарқаласында өтті. Қазақстан елшісі Асхат Оразбай осы рәсімде: «Каспий теңізімаңындағы елдер осы теңіздің саяси құқықтық жағдайы мен қоршаған ортасы туралыконвенцияларға берік болуы керек. Оларды орындау аса маңызды», деді», - депжазады parstoday.




Соңғы жаңалықтар