Бүгін гимнастшылар шығыршық, доп, ұршық және таспамен орындалатын жекелей көпсайыс бойынша сынға түсті.
Чемпионаттың алтын медалін Елжана Таниева (Шымкент) жеңіп алса, Баян Қойбақар (Шымкент) күміс жүлдені иеленді, Сабина Бақатова (Нұр-Сұлтан) үздік үштікті түйіндеді.
Еске салайық, республикалық чемпионатты көркем гимнастикадан спорт шеберлігіне үміткерлер жалғастырады. Чемпионат 13 мамырда аяқталады.