Эльжана Таниева Болгариядағы әлем кубогында бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM – Эльжана Таниева кезекті әлем кубогына қатысады. Бұл туралы Қазақстан гимнастика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Қазақстан гимнастика федерациясы

Таниева Болгария астанасы Софияда өтетін әлем кубогында ел намысын қорғайды. Содан соң Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы Ташкентте (Өзбекстан) өтетін лицензиялық Азия біріншілігіне аттанады. 

Айта кетелік, Әлия Юсупова бастаған бапкерлер құрамы Азия чемпионатына қатысатын екінші спортшыны халықаралық жарыстар қорытындысы бойынша таңдап алған болатын.