АСТАНА. KAZINFORM — Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелье қаласында өткен Гран-при кезеңінде қазақстандық Эльжана Таниева жеңімпаз атанды.
Қазақстан гимнастика федерациясынан мәлім еткендей, доппен жаттығудың финалында өнер көрсеткен Эльжана Таниева төрешілерден 33.400 ұпай алып, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Бұл сында өзбекстандық спортшы Тахмина Икромова күміс медаль (32.600) иегері атанса, словениялық гимнасшы Екатерина Веденеева (32.200) үздік үштікті түйіндеді.
«Эльжана Таниева мен бапкері Әлия Мақсұтқызын алтын жүлдемен құттықтаймыз», делінген федерация мәлімдемесінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).