«Тексеріс барысында анықталғандай, 2017 жылы кәсіпорынның полигондарында 10 мың тоннадан астам қауіпті қоқыстар сақталған. Бірақ қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларацияларында оның көлемі көрінеу азайтылып, 2,9 мың тонна деп көрсетілген. Жалған ақпараттың салдарынан бюджетке 50,1 млн теңге түспей қалған», - деп мәлім етті Атырау облыстық прокуратурасынан.
Прокуратураның актісі бойынша, мемлекет бюджетіне 50,1 млн теңге мөлшеріндегі салық және 3,9 млн теңге сомада өсімпұл өндіріп алынды.