«ЕмбіМұнайГаз» ӨФ директоры болып Жұмабек Жамауов сайланды

None
АТЫРАУ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - «ЕмбіМұнайГаз» ӨФ директоры болып Жұмабек Жамауов сайланды. Ұжымға жаңа басшыны «ҚазМұнайГаз» ӨБ» АҚ бас директоры Кенжебек Ибрашев таныстырды, деп хабарлады мұнай компаниясының баспасөз қызметі.

Ж.Жамауов - кәсіби мұнайшы. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ол бірнеше жыл «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Бұған дейінгі өндірістік филиалдың директоры Ізтұрған Баймұқановтың жаңа қызметі туралы айтудан баспасөз қызметі бас тартып отыр.