А талған мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды .
«Мәселенің мән-жайын зерделеу үшін құрамында қоғамдық бақылау және мониторингілік топтың Жамбыл облысы бойынша үйлестірушісі мен БАҚ өкілдері бар комиссия мүшелері аталған нысанды аралап, жылу жүйесі мен қазандығының жағдайымен танысты. Белгілі болғандай, бүгін таңғы сағат 6.30 бен 7.00 шамасында жылу беру қазандығынан ақау шығып, жылу температурасының төмендегені анықталды. Орын алған жағдай жауапты қызметкерлердің көмегімен 1,5 сағат ішінде қалпына келтірілді», - делінген облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ, арнайы қорғаныш костюмдерін киіп, палаталарды аралаған комиссия мүшелері емделушілермен әңгімелескендігі айтылған. Олардың сөзінше, палаталардағы жағдай тұрақты, температура қалыпты деңгейде берілуде.