Емельяненко мен Митрион жекпе-жегінің уақыты белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік жекпе-жек шебері Емельяненко мен америкалық спортшы Митрион жекпе-жегінің уақыты белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Негізі бұл қос спортшы арасындағы айқас ақпан айында Сан Хоседегі Bellator 172 аясында өтуі тиіс болған. Алайда Митрионның денсаулығы сыр беріп, жекпе-жек уақыты ауыстырылған еді.

Енді Емельяненко мен Митрион арасындағы кездесу Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквэр Гарден» аренасында 24-ші маусым күні өтетін болады.

Емельяненко үшін бұл Bellator-дағы МСГ-де өткізетін алғашқы сайыс болмақ.