Емельяненко рингке қайта оралған соң бірінші кіммен жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты
01:13, 30 Шілде 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жек өнерінің шебері ресейлік Федор Емельяненко тағы бір-екі жыл спорттық мансабын жалғастыратынын хабарлады. Бұл туралы спортшы "Машук-2015" жастар форумында айтты, деп хабарлайды ТАСС.
Бұған дейін «Соңғы император» лақап атымен танылған ол 38 жасында үлкен спортқа қайта оралатынын мәлімдеген болатын.
«Жақын арада спортқа қайта ораламын деп шештім. Құдай қуат берсе, тағы біраз жұдырықтасамын. Ары қарай көре жатамыз. Мүмкін бір, мүкін екі жыл... Одан соң спортпен қош айтысамын», - деді Емельяненко.
Сондай-ақ, ол рингке қайта оралған соң алғашқы қарсыласы ауыр салмақта UFC чемпионы Фабрисью Вердум болғанын қалайтынын айтты.