Бұл туралы ол бүгін Астанада журналистердің сауалына жауап беру кезінде айтты.
«Атап айтқанда, емдеу мекемелеріндегі еденді жиі жуып отыру керек», - деп атап өтті вице-министр.
Бұдан бөлек ауруханалардағы осы мәселеге тоқталған Э. Байжүнісов, ондағы санитарлық ахуал бас дәрігердің құзырында екенін жеткізді.
Вице-министр бахилдерді сату мәселесіне бұған дейін жиі назар аударылғанын айта келе, «осыған байланысты ескертулер де жасадық. Қазіргі кезде бұл мәселе бойынша жергілікті жерлердегі денсаулық сақтау басқармаларының барша басшыларымен сөйлесетін боламыз. Менің ойымша, таяу уақытта біз осы мәселені шешеміз», - деп түсіндірді ол.
Осы орайда ол бүгінде бахилсіз кіруге болатын медициналық ұйымдар да бар екенін айтып өтті.
«Алайда, кейде бахил сату фактілері кездесіп жатады. Бұл ауруханалар басшыларының кемшілігі», - деді Э. Байжүнісов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше Үкімет отырысы барысында ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік басшысы Ғабидолла Әбдірахимов емханаларда емделушілерге бахилдерді сату тұтынушылардың құқын бұзу санатына жататынын атап өтті.
Айта кетейік, бүгінде кейбір емханалардың кіреберісінде әр бахилді 20 теңгеге дейінгі көлемде сататын арнайы автоматтар орнатылған.