Зерттеу көрсеткендей, вирустың сыртқы әсерге орнықтылығы жоғары болғандықтан вакцина әзірлеу қиынға соғуда. Қазір ғалымдар вирустың адамнан адамға жұғу мүмкіндігін зерттеуде. Әзірге бұл вирус коронавируске жататыны ғана белгілі, деп мәлімдеді «VistaNews».
Еске салсақ, өлімге әкелетін коронавирус түрінің бірі - SARS (мөлшерден ауытқитын пневмония) Қытайда 2002 жылы пайда болған. Ол кезде 8000 адам дәрігер көмегіне жүгінген. 800-і аурудың асқынуынан қаза тапқан. Оны әзірленген вакцина көмегімен ғана тоқтату мүмкін болған. Жаңа вирусты өлім-жітімге әкелетіні жағынан SARS-мен салыстыруға болады.