Эмиль Кенжесариевке Израильде ота жасалды
08:06, 15 Қараша 2013
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Эмиль Кенжесариевке жасалған тағы бір күрделі ота сәтті өтті, деп хабарлады Vesti.kz.
Ота Израильдегі Rambam Health Care Campus госпиталінде жасалды.
Қазір кейбір дәрігер мамандар белді ойыншының қайтадан ойын алаңына оралуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.