Emirates әуе компаниясы иллюминаторсыз ұшақтарды пайдалануда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Авиакомпания Emirates әуе компаниясы таяуда сатып алған иллюминаторсыз бірінші сыныпты Boeing 777-300ER лайнерлерін рейске шығарды, деп хабарлайды ВВС.

Бұл ұшақтарда енді жолаушыларға иллюминатордың орнына аспан мен жерді "виртуальды терезе" арқылы қарау ұсынылып отыр.

Енді иллюминатордың орнына ұшақ қаптамасына орнатылған оптикалық-талшықты дөңгелек экрандар арқылы сырттағы көріністер беріліп отырады.

«Бұл көріністердің иллюминатор арқылы көзбен көргенге қарағанда  сапасы өте жоғары»,-дейді Emirates компаниясының президенті Тим Кларк.

Оның айтуынша, компания таяу болашақта тек қана иллюминаторларсыз лайнерлерді пайдалануды көздеп отыр.