Franceinfo порталының ақпаратынша, жергілікті уақытпен сағат 20:40-та (Астана уақытымен 00:40) бастапқы мәлімет бойынша Макрон 65,5%, Ле Пен - 34,5% дауыс жинады.
Ле Пен Макронға қоңырау шалып жеңісімен құттықтады.
Эммануэль Макронды Туиттерде Бельгия премьер-министрі Шарль Мишель, Шотландияның бас министрі Никола Стерджен, Еуропарламент президенті Антонио Таяни, Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер мен Германияның СІМ басшысы Зигмар Габриэль құттықтады.