«Францияның Экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдадым. Екі ел ынтымақтастығының қарқыны жоғары, әлеуеті зор. Күн тәртібінде – жақын арада жүзеге асырылатын ірі жобалар, соның ішінде экология саласы бар. Президент Э.Макронның елімізге сапарын күтеміз», - деп жазды Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның Экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрді қабылдаған болатын.