Франция ІІМ жариялаған алдын ала мәліметтерге сүйенсек, 97% бюллетеннің есеп қорытындысы бойынша, 23,86% дауыс жинаған Макрон көш бастап тұр, ал Марин Ле Пен - 21,45% нәтижесімен екінші орында.
Дүйсенбі күні екі кандидат - Эмманюэль Макрон мен Марин Ле Пен арасында сайлауалды науқанның жаңа кезеңі ресми түрде басталады. Шешуші дауыс беру заңға сәйкес, алғашқы турдан екі апта өткен соң - 7 мамыр, жексенбі күні өтеді.