Эмомали Рахмон Қазақстан астанасына келді

АСТАНА. KAZINFORM - Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді, ол Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия + Жапония» диалогы мемлекеттері басшыларының бірінші саммитіне қатысады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі. 

Фото: Үкімет

Тәжікстан басшысын ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов әуежайда күтіп алды. 

Фото: Үкімет

Бүгінде елдер тауар айналымын одан әрі арттыруға күш салуда. Биылғы қаңтар-маусым айларында екі ел арасындағы өзара сауда көлемі $575,7 млн-ды құрады, бұл ретте қазақстандық тауарлар экспорты 18,9%-ға артты. 

Екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарының бірі – су қатынастары саласы. Тәжікстанда Рогун су электр стансасын салу жөніндегі энергетикалық жоба бүкіл Орталық Азия аймағына мультипликативті әсер береді.