Емтихан кезінде оқушыларға көшіруге көмектескен 300 адам қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Бихар штатында мектеп оқушыларына емтихан кезінде көшіруге көмектескен 300-ге жуық адам қамауға алынды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Қамауға алу оқушыларға жауаптарды жіберу үшін оқу орталығының қабырғаларына өрмелеген олардың ата-аналары мен достары түсіп қалған бейнежазбадан кейін басталды. Ұсталғандардың көбі - оқушылардың ата-аналары. Қылмысқа сондай-ақ оқу орталығының маңында кезекшілік жүргізген полицейлер де қатысты болып шықты. Олардың кейбіреулері оқушыларға жауап жазылған қағаздарды жіберіп отырған адамдарды «байқамағаны» үшін пара алған. Көшіргені үшін кем дегенде 750 оқушы оқудан шығарылды. Бұл жанжалдан кейін төрт оқу орталығында емтихан тоқтатылды.