Ең алдымен Дүйсенованың, Сағадиев пен Біртановтің «бюджеті» тексерілетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау мен Білім жəне ғылым министрлігінің бюджеттері ең бірінші болып тиімділікке тексерілетін болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы өз Жолдауында бюджет шығындарының тиімділігін арттыру керек деп атап өтті. Сондықтан, бүкіл мемлекеттік органдардың бюджеттік дамуын талдау керек. Президенттің тапсырмасына сай, бұл жұмыс Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінен, Денсаулық сақтау министрлігінен, Білім жəне ғылым министрлігінен бастау керек»,-деді Сағынтаев

Үкімет басшысы атап өткендей, талдау қорытындысы бойынша тиімсіз бағдарламалар анықталып, солардың қаржысы Қазақстанды үшінші модернизациялау бағдарламасына тартылады.

Айта кетейік, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министлігін Тамара Дүйсенова, Денсаулық сақтау министрлігін Елжан Біртанов, ал, Білім жəне ғылым министрлігін Ерлан Сағадиев басқарады.