Ең бастысы - мектеп автобустарымен балаларды қауіпсіз тасымалдау - Арман Сарыбасов

АЛМАТЫ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қалалық Жол полициясы басқармасы балалардың жол қауіпсіздігі шараларын күшейтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1-ші қыркүйектен бастап ЖПБ инспекторлары білім беру мекемелері жанында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кезекшілік жасайтын болады. БАҚ-нан жүргізушілерге көліктің жақын қашықтықты шамын жағып жүру, қауіпсіздік белдеулерін тағу және қозғалыс кезіндегі балаларға арналған тұтқалардың болуы ескертілетін болады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағы орналасқан жерлерде ережені сақтай жүру мен қала көшелерінде жылдамдықты қалыптан асырмау арнайы ескертіледі», деді Алматы қалалық ЖПБ-ның бастығы Арман Сарыбасов.

Жол полициясы өкілдерінің айтуынша, жоғарыда айтылған шаралар орындалып жатса, бұл үлкен пайда. Бірақ, ата-аналар да құр қол отырмауы керек. Мүмкіндігінше балаларының қауіпсіздігі үшін уақыт тауып, оқу басталғанға дейін мектепке барар жолмен өздері балаларын ертіп жүріп өткендері абзал. Соған байланысты, балаларына қай жерлермен жүрген қауіпсіз екенін, қандай жағдайда жолды қиып өту керектігін және қоғамдық көліктермен жүру жолдарын жақсылап түсіндіргендері дұрыс.

«Автокөлік кәсіпорындары жүргізушілерімен гаражды кооперативтерде және автобус линияларында жолда балаларға көңіл бөлу мен қауіпсіздік белдеулерін тағу жөнінде арнайы нұсқаулар жүргізіледі. Қыркүйек басталысымен мектеп мұғалімдерімен бірге ЖПБ және кәмелетке толмаған балалар инспекторлары жол қозғалысы туралы оқушыларға түсініктемелер беріледі. Сонымен қатар, Алматыда біріншіден, мектеп басшылары мен мұғалімдерге балалардың қауіпсіз жол қозғалысы туралы нұсқаулар жасалды. Ең бастысы - мектеп автобустарымен балаларды тасымалдау», дейді полковник Сарыбасов.