Ең бай музыканттар жарияланды

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Марқұм болған Майкл Джексон бір жылда тірі жүрген Мадоннадан артық табыс тапқан, деп жазады Утро.Ru.

Америкалық поп-әнші Мадонна жыл қорытындысы бойынша Forbes журналы құрастырған музыканттар рейтингінде бірінші жолға көтеріліп, ең бай орындаушы атанды.

Басылым мәліметтеріне қарағанда, MDNA альбомын қолдау үшін қойған соңғы гастролдік концерттерінің және Material Girl киімін және Truth or Dare иіссуін сатудан түскен қаражаттың арқасында Мадонна 125 миллион доллар табыс тапты. Бұл рейтингіні құрастыру кезінде қазіргі уақытта тірі жүрген музыканттар ғана есепке алынды, әйтпесе, бірінші жолға сол кезеңде 160 млн доллар "табыс тапқан" Майкл Джексон шығар еді, деп атап жазуда басылым.

Екінші орынға поп-әнші Леди Гага ($80 млн.) орналасты, Bon Jovi американдық рокерлері сәл аздау - 79 млн. доллар табыс тапқан. Содан кейінгі орында 65 миллион доллары бар кантри әнші Тоби Кит саналады. Америкалықтар арасындағы көшбасшылар бестігінде британдық Cold Play (64 миллион доллар) рок-тобы бар. Тізімге тағы бір ағылшын тобы - The Muse (43 млн. доллар және 16-орын) енген.

Жасөспірім қыздардың сүйікті әншісіне айналған Джастин Бибер алтыншы орында (58 миллион доллар). Оның жылдық табысы Элтон Джон (7-орын және 54 млн. доллар) және 47 млн. доллар тауып, ең бай он музыканттың қатарына енбей қалған Пол Маккартни сияқты мэтрлерге қарағанда жоғары болып шықты. Ал аңызға айналған Rolling Stones (39 млн. доллар) америкалық рэпер Dr.Dre-ге жол беріп, жиырма бай музыкант қатарынан шығып қалды.

Топ-25 қатарына америкалық әнші және БҰҰ ерікті елшісі Кэти Перри (39 млн. доллар), кантри стилінде ән салатын Тим Макгро (33 млн. доллар) және Пинк атымен (32 миллион доллар) барынша танымал болған Алиша Бет Мур де енді.