Бұл пәтердің аумағы небәрі 7 шаршы метрге тең. Бір бөлмелі баспана Пьяцца дель Пантеон алаңына жақын орналасқан.
Шағын көлеміне қарамастан онда сапалы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ондағы жиһаздарды, мысалы үстелді пайдаланғаннан кейін еш кедергісіз жинап тастауға болады. Пәтердің ұзындығы 4 метрді қамтып отыр.
Осы баспана XVIII ғасырдың нысанына жатады. Пәтер Марко Пьерацци есімді сәулетшіге тиесілі. Ол осы шағын шаршы метрлі бөлмені сатып алғаннан кейін, оны өмір сүруге лайықты етіп жасақтап алған.