Ең көпұлтты ел - Үндістан

None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Әлемдегі көпұлтты ел ретінде Бразилия, Индонезия, Иран, Канада, Қытай, Ресей, АҚШ және өзге де Африка елдерін атауға болады.

 Еуропаға жан-жақтан мигрант­тар­дың ағылып келуінен кәрі құрлықта көп­ұлтты елдер пайда бола бастады. Әлемдегі ең көпұлтты ел болып Үндістан Федеративті Республикасы саналады. Үндіс­танда үш нәсіл: негроидтар, еуропеоидтар мен моң­ғолоидтар көп кездеседі. «Үнді­ліктер» деген ұғымға Жер халқының алтыдан бір бө­лі­гін құрай­тын жүз­деген тілде сөйлейтін 1,15 млрд халықты айтамыз.Үндістан ха­лық­тарының ішінде хиндус­тан­дық­тар, телугулар (андхра), маратхилар, бенгал­дық­тар, бихарлықтар, тамилдер, гуджараттық­тар, каннаралар, малаялықтар, пенджаб­тық­тар­дың қарасы мол. Үнді жұртының 72 пайызын үндіарийлік топтар (300), 25 па­йызын дриавидтік топтар, 3 пайызына жуы­ғын моңғолоидтар құрайды. Халықтың жар­тысынан көбі алуан түрлі 30 тіл мен 2 мың­дай диалектіде сөйлейді. Үнді халқы­ның 83 пайызы индуизмді, 11 пайызы ислам дінін, 2,4 пайызы сикхизмді, 2 пайызы буд­дизмді, 1,6 пайызы джайнизмді ұстанады, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.