Оркестрдің кішкентай өнерпаздарының ең үлкені 5 жасар, қалғандары 3-4 жастағы бүлдіршіндер.
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Ясина Нәбен оркестрге 3 жасынан бастап қатысып келеді.
— Оның шығарманың екпініне қарай қимыл қозғалысы, көзқарасы кәсіби мамандардан кем емес, музыканы сезінуі таңғалдырады, — дейді музыка жетекшісі Шұға Қайырлиева.
Айта кетелік «Гүлдер» ансамблінің солисі халықаралық байқаудың жеңімпазы атанған еді.