Ең күшті магниттік дауыл биыл шілде айында байқалады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Соңғы он жылдағы ең күшті магниттік дауыл биыл шілде айында байқалады. Бұл табиғи құбылыс адамдардың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты, дәрігерлері тұрғындарға барынша сақ болуды ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Магниттік дауыл кезінде адам әлсірейді. Әсіресе, қарткісілердің денсаулығы сыр береді. Аяғы ауыр келіншектер мен балалар үшін деқаупті. Магниттік дауыл құбылысыкезінде күн қатты ысиды.

Бұл кезде адамдардың басы айналып, жүрегі айнып, тамаққатәбеті болмай, ұйқысы келеді.

«Магниттік дауыл ең алдымен адамның орталық жүйке жүйесінежәне жүрек-қан тамырларына салмақтүсіреді. Инфаркт, инсульт,гипертониялық күрт асқыну және т.б. ауруларды қоздырады. Бұлкүндер созылмалы жүрек-қан тамырлар аурулары мен өкпе патологиясы бар адамдарүшін қиындық туғызады. Тіпті, метеожағдайда тәуелді емес адамдардың да жүрегі айнып, қалтырайды»,-дейдіАлматы қалалық № 7 клиникалық ауруханасының дәрігері Айдана Лепесова.

Сондай-ақ, магниттік дауыл адамдардың көңіл-күйіне де әсеретеді. Ештеңеге зауқы болмай, селқостық пен ұйқышылдық тудырады.

«Созылмалы ауруларға шалдыққан адамдар қажетті дәрілеріналдын ала алып қойғаны абзал. Тіпті, денсаулығы жақсы адамдардың өзі су ішу режимін сақтау қажет. Кофе менсусындарды шөп шай немесе таза суға ауыстырғаны жөн. Спирттік ішімдіктен бас тартқан дұрыс»,-дейді дәрігер.

Магниттік дауыл күндері жүрек-қан тамырлар жүйесіне салмақтүсірмеу үшін тамақты азырақ жеген дұрыс. Майлы, тұзды, ащы тағамдарды пайдаланбаған абзал.

«Магниттік дауыл кезінде көбірек ұйықтаған дұрыс. Ал, метеосоққы күніашуланбауға тырысып, барлық шаруаны күннің бірінші жартысында атқарып тастағанабзал. Кардиосалмақ түсіруден бас тарту керек»,-деп кеңес берді АйданаЛепесова.

Денсаулыққа салмақ салмау үшін таза ауада жиі серуендеп,жеңіл тағамдармен тамақтану керек.

Магниттік дауыл күнің қатты ысуынан пайда болып, ғарыш арқылы жерге түседі. Келесімагниттік дауыл шілденің 29 күні болуы мүмкін.

Алайда, ғалымдар жердемагниттік дауыл ай сайын өтетіндігін айтады.

Соңғы жаңалықтар