Interbrand-тың биылғы рейтингісінде бірінші орынды 13-рет қатарынан Coca-Cola сауда маркасы иемденді, агенттік сарапшылары оны 77,839 миллиард долларға бағалап отыр.
Екінші орын Apple-ге бұйырды. Өткен жылғы рейтингіде бұл бренд тізімнің 8-жолында тұрған болатын. Бір жыл шінде оның құны екі есе өсіп, 76,568 миллиард долларға жетті. ІВМ бренді екінші орыннан үшінші жолға сырғыды (75,532 миллиард доллар).