Ең қымбат Барби қуыршағы аукционда 300 мың АҚШ долларына сатылды

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Christie's аукцион үйінің сауда өткізу орнында әлемдегі ең қымбат Барби қуыршағы сатылды, деп хабарлайды Утро.ру Christie's ресми сайтына сілтеме жасап. 1 каратты алқызыл бриллианты бар алқамен безендірілген қуыршақтың құны 302,5 мың долларды құрады.

Барби үшін әшекейді белгілі зергер Стефано Кантури жасап, осы арқылы қуыршақтың құны да арта түсті. Ол эстимейтен аздап артық бағаға сатылды, өйткені Кантури алқасын тағынған Барби қуыршағы алдын ала есеп бойынша 300-500 мың АҚШ долларына бағаланған екен.

Қымбат бағалы Барбиді сатудан түскен барлық қаржы кеуденің қатерлі ісігі ауруымен күреске бағытталмақ.