БАӘ қаржылық астанасының жекеменшік істері жөніндегі басқармасының мәлім етуінше, бұл пәтер қаланың беделді орталық ауданындағы әлемдегі ең биік ғимарат - Бурдж Халифада орын алған. Сондай-ақ биыл сатылған ең қымбат апартаменттердің қатарында $9,6 млн., $7,7 млн., $6,3 млн. және $6 млн.-ға сатылған пәтерлер болған. Олардың барлығы аталған ауданда орналасқан. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 2013 жылдың өзінде ғана қаланың бұл ауданында жалпы құны $1,7 млрд. құрайтын 2566 пәтер сатылған.
06:06, 08 Тамыз 2014
Ең қымбат пәтер - әлемдегі ең биік ғимаратта
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Дубайда сатылған ең қымбат пәтердің құны $16,4 млн. құрады, деп хабарлайды РИА Новости.